Басты бет » Әлеумет » Негізгі тетік — біліктілік

Негізгі тетік — біліктілік

Семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан Ақтөбеде «Жергілікті ақпараттық-насихаттық топ жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өтті. Жиынға жергілікті ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Семинар барысында ЖАНТ жұмысын жетілдірудегі негізгі тетіктердің бірі —мамандардың біліктіліктілігі мен кәсібилігін арттыру жөнінде сөз болды. ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан діни басқарма тарапынан ЖАНТ жұмысын жетілдіруге ерекше басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Ол уағыз-насихат жұмыстарында бірізділікті сақтау, тақырып тыңдаушыға ұғынықты болуы үшін аят-хадистерді қазақша баламасымен бірге айту және қазақ ақын-жырауларының нақыл сөздерін пайдаланудың маңыздылығына айрықша тоқталды.

ЖАНТ құрамындағы қалалық, аудандық мешіттер имамдары, өкілдіктің бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, қала және ауылдық елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жыл бойы үзбей жүргізіп келеді.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*