Құрметті ақтөбеліктер!"/>
Басты бет » Басты жаңалықтар »

Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасы — зайырлы, толерантты, бейбітсүйгіш, рухани құндылықтарды ұстаным етіп отырған тәуелсіз мемлекет.

Ата-баба дәстүрімен үндестік тапқан Құрбан айт мейрамы бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Жыл сайын елімізде бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде.

Құрбан айт — халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан, кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиеті жөнінде: «Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді. Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды», — деді.

Қазіргі таңда елімізде мешіттер мен медреселер бой көтеріп, дін саласында білікті мамандардың саны артып келеді. Бұл — рухани саладағы жетістіктеріміздің көрінісі.

Елбасымыздың қолдауымен алғашқы күні — демалыс күні болып жарияланып, барша жұрт бірге мерекелейтін қасиетті Құрбан айт мейрамы рухани жаңаруға, халқымыздың қайырымдылық пен кеңпейілділік, бауырмалдық пен татулық сияқты асыл қасиеттерін арттыруға септігін тигізіп, ынтымақ-бірлігімізді нығайта түссін!

Қасиетті мереке кезіндегі барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын!

Кәсіптеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

 Құрметпен, облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*