Басты бет » Құқық » 1,5 мың құқықбұзушылық анықталды

1,5 мың құқықбұзушылық анықталды

Жол тәртібі

Облыс аумағында үш күн бойы «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Мақсат — жүргізушілер тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларының, жол ережелерін бұзудың алдын алу.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара барысында облыс автожолында 1,5 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 45 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, 16 адам құжатсыз көлік басқарған. Көліктің жылдамдығын шамадан тыс арттырған 445 адам ұсталды. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 19 азаматқа да шара қолданылды. Жаяу жүргінші жолында тұрғындарға жол бермегені үшін 121 адам және жаяу жүргінші жолында ереже бұзғаны үшін 166 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 9 тамыз күні ағайынды Жұбановтар көшесінде мас күйінде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзған «Мазда» автокөлігінің иесі  сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 жылға дейін көлік жүргізу  құқығынан айырылды. Автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*