Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевқа

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевқа

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Сізді және бүкіл Ақтөбе облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы — барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла кірісті.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Ақтөбе облысы да елорданың дамуына атсалысуда.

Барлық өңірлер тарту етіп жатқан жаңа нысандар халықтың игілігіне қызмет ететін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*