Басты бет » Жаңалықтар » Халықаралық фестиваль: алты оқушы жүлдемен оралды

Халықаралық фестиваль: алты оқушы жүлдемен оралды

Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Вurabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық  фестивалі өтті. Шарада ақтөбелік талантты жастардың өнері жоғары бағаланып, екі бала бас жүлде, бір бала І орын, үш бірдей оқушы ІІІ орын алды. 

Фестивальдің республикалық кезеңіне 400 адам қатысты. Өнерлі, дарынды балалар еліміздің  түкпір-түкпірінен және Қытай, Белоруссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркиядан жиналды.

Байқау қорытындысында академиялық ән  номинациясы бойынша Аңсар Жүсіп бас жүлдені иеленгенін газетімізде хабарлаған болатынбыз. Ол  Лос-Анджелестегі «UNIVERSAL STUDIOS HOLLWOOD» атақты  киностудиясын тамашалауға  жолдама ұтып алды. Аңсарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақ рояль тарту етті.

Дәстүрлі ән номинация бойынша А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің оқушысы  Айжан Илиясова бас жүлде иеленді. Ал осы оқу орнының оқушысы Аружан Арықбаева «Ұлттық музыкалық аспаптарда орындау» (қобыз) номинация бойынша 1-орын алды. Сондай-ақ, Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №7 орта мектебінің оқушысы Ернұр Жаңбырбаев («Көркемсөз оқу» номинациясы)  және Ақтөбе қаласындағы №1 балалар музыка  мектебінің оқушылары   Жәмила Туксубаева («Классикалық музыкалық аспаптарда орындау» номинациясы) мен  Темірлан Қойшыбекке («Ұлттық музыкалық аспаптарда орындау» номинациясы) 3-орын бұйырды.

  • Фестивальге қатысушылар 20 күн бойы «Балдәурен» лагерінде демалды.  Алты оқушымыз жеңіспен оралды. Олардың жетістігі — облыс абыройы, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шарипа Шакирова.

Оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Нұркен ЖАҚСЫБАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*