Басты бет » Спорт » Алмас пен Диас Азия чемпионатына қатысады

Алмас пен Диас Азия чемпионатына қатысады

Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы ғимаратында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында жекелей чемпионат өтті.

Чемпионатқа 9,11,13,15 жас аралығындағы ойыншылар қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне сай рапид, блиц және классика аталымдары бойынша бақ сынасты.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 350-ге жуық ойыншы қатысты. Чемпионатқа Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары ойыншылары жақсы дайындықпен келгендіктерін байқатты. Бұл жарыста Ақтөбе облысы төртінші орынға табан тіреді.

Жарыста бірінші және екінші орын алған 13-15 жастағы ойыншылар Азия чемпионатына жолдама алды. Енді ақтөбелік Алмас Тілегенов пен Диас Жанбау Моңғолия елінде өтетін Азия чемпионатына қатысатын болды.

Қ.НҰРШИН,

жарыстың бас төрешісі,

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*