Басты бет » Рухани жаңғыру » Полицейлер ән шырқады

Полицейлер ән шырқады

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі  — Астана» атты ән байқауы өтті.

Шара Ақтөбедегі көліктегі ішкі істер департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсат — ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру,  ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәдени және рухани деңгейін арттыру,  сондай-ақ қазақстандық полицияның  оң имиджін нығайту.

А.Жұбанов атындағы  музыкалық колледжде өткен байқауға Ақтөбеден өзге  Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері қатысты. Оның ішінде отбасымен келіп, өнер көрсеткендер бар. Барлығы жоғары дайындықпен келген. Үздік танылған жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығына сый-сияпат көрсетілді. Алғыс хаттармен марапатталды. Ақтөбе станциясы ішкі істер желілік бөлімі бастығы Ж.Сәрсеновке департамент басшылығы тарапынан грамота табыс етілді. Сайыс  тәртібі бойынша үздік танылған көліктегі ішкі істер департаментінің  қызметкерлері  алдағы уақытта аумақтық ішкі істер бөліністері арасында өтетін ән байқауының екінші кезеңіне қатысады. .

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*