Басты бет » Жаңалықтар » Маралдар төлдеп жатыр

Маралдар төлдеп жатыр

Кәсіп

Өткен жылы күзде Шығыс Қазақстан облысынан Ақтөбеге жеткізілген 150 маралдың бүгінде он шақтысы төлдеп тұр.

Ақтөбеде марал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Бану Тілегенованың айтуынша, қазір мұндағы маралдарға барлық жағдай жасалған. Мәртөк ауданының Қазан ауылы маңынан берілген 700 гектар жер түгелдей қоршалыпты. Себебі маралдар  қауіпсіз әрі еркін жайылуы керек.

Ақтөбенің табиғаты маралдар үшін қолайлы болды. Ең бастысы — олар қыстан аман шықты. Шаруашылықтағы маралдардың тең жартысы ұрғашы. Қазір маралдардың он шақтысы төлдеді. Бір қызығы, маралдар өз төлін қырық күндей уақыт көрсетпей, өсіреді екен. Кейін соңына ертіп, бір-ақ шығарады, — дейді Бану Тілегенова.

Маралдар маусым, шілде айларында төлдейді. Жаңа туған төлдің түсі қоңыр, денесінің екі жағында бірнеше қатар ақ теңбілі болады. Кәсіпкердің айтуынша, маралдың төлі 18-20 күн өткен соң шөппен қоректене бастайды. Енесінің сүтімен және көк шөп жеп азықтанған төл тез өседі.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*