Басты бет » Жаңалықтар » Партия қатарына қабылданды

Партия қатарына қабылданды

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының қатары толықты. Астана құрдастарына партиялық билеттер партияның Ақтөбе облыстық филиалында салтанатты түрде тапсырылды.

— Мен əсем қала Астанамызбен бірге бой түзеп, есейіп келемін. Астана қаласының мерейтойында «Нұр Отан» партиясының қатарына өту мен үшін үлкен мәртебе. Партияның «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыратын білікті мамандар даярлауға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге жұмсап отырған күш-жігері менің көзқарасыммен үйлеседі. Жалпы, еліміздің ішкі және сыртқы ынтымағы, бейбіт өмірі «Нұр Отан» партиясының дұрыс саясатының арқасы деп білемін, — деді Ырғыз ауданынан келген Ақниет Сейітқазы.

Жастарды партия қатарына өтулерімен құттықтаған партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова мұндай айтулы сәттің Астана күнімен тұспа-тұс келуі айрықша қуанышты жағдай екеніне назар аударды.

— Астана — еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы. Бас қаламыз қазір әлемдегі белді қалалар қатарына қосылып, халықаралық деңгейде лайықты орын алып отыр. Астананың мерейтойымен тұспа-тұс келген бүгінгі күнді  партия қатарына қабылданғандар естерінде мәңгі сақтайтын болады, — деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Осы салтанатты іс-шара барысында Дариға Исмағамбетова  Елбасының сындарлы саясаты мен партияның игі бастамаларын жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың атынан Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ бірнеше адам Алғыс хатпен марапатталды.

А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*