Басты бет » Жастар » Автобустағы акция

Автобустағы акция

Ақтөбенің белсенді жастары мен еріктілер тобы Ұлттық домбыра күніне орай қоғамдық көліктер мен сауда орындарында «Үкілі домбыра» акциясын өткізді.

Атап айтқанда, акция қатысушылары №1,№15,№22,№46,№48 бағыттағы автобустарда күй тартып, термелер орындады. Жүргіншілер арасында домбыра аспабының құндылығы жайында жазылған ақпараттық парақшалар таратты.

Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияға киелі аспаптың құлағында ойнайтын 20-дан астам  жас қатысты.

Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғановтың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты — ұлттық құндылығымыз, байлығымыз домбыра аспабын жастардың, қала тұрғындарының арасында насихаттау.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*