Басты бет » Мәдениет » Үш батыр қызды еске алды

Үш батыр қызды еске алды

Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігі  қаладағы №27 мектеп-лицейде «Әлия, Мәншүк, Хиуаз ерліктері мәңгі есте» атты іс-шара ұйымдастырды.

Шараға облыстық қорғаныс департаментінің өкілдері, соғыс ардагерлері, «Ер бақыт» спорттық мекемесінің мүшелері, мектептердің мұражайларының қызметкерлері,  ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Оларға аталған қоғамдық бірлестіктің басшысы Ғалымжан Байдербес, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Келдібай Еспағанбетов, облыстық әскери комиссардың орынбасары Әділбек Құлтаев, еліміздің Қарулы Күштерінің ардагері Қажымұхан Сәтенов, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың сіңлісі Әліп Үсенова қазақтың үш батыр қыздары жайлы әңгімелеп берді.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*