Басты бет » Мәдениет » Жыр арқауы — Астана

Жыр арқауы — Астана

Мүшәйра

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Бақытты бала» жобасы аясында және Елордамыздың 20 жылдығына орай «Ақтөбе жыр құшағында» атты Батыс Қазақстан аймақтық балалар жыр мүшәйрасы өтті.

Шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дүниетанымын кеңейту.

Ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығынан бастау алған, 17 жыл тарихы бар жыр байқауының биылғы тақырыбы Астана қаласының 20 жылдық  мерекесіне арналды.

Мүшәйраға барлығы 77 талапкер өз шығармашылық еңбектерін ұсынды. Ақтөбе өңірімен қатар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан да дарынды оқушылар қатысты.

Шара қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданынан келген Айтолқын Қабдраш жүзден жүйрік атанып, I орынды иеленсе, ІІ дәрежелі жүлделі орындармен Ойыл ауданы, Жамбыл мектеп-балабақшасының оқушысы Әлімжан Базаров және Шалқар ауданы Сарысай негізгі орта мектебінің оқушысы Дильназ Кошетерова марапатталды. Қарғалы ауданы Бадамша ауылының №2 орта мектебінің оқушысы Жұлдыз Сатыбалдиева, Мәртөк ауданы №4 орта мектебінің оқушысы Александр Маруаұлы, Темір ауданындағы №2 қазақ-орыс орта мектебінің оқушысы Айсара Мұрат III орынға қол жеткізді. Сондай-ақ бірқатар оқушыларға ынтыландыру сыйлықтары табыс етілді.

Кәмила ІДРІСОВА,

Н.Байғанин атындағы 

облыстық балалар

кітапханасының

бөлім меңгерушісі.  

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*