Басты бет » Мәдениет » Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені

Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені

Ақтөбедегі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері оқырман арасында «Көп ұлтты Қазақстан – татулық мекені» атты бейне слайд сағатын өткізді.

Қазақстандағы биылғы «Өзбекстан жылы» аясында ұйымдастырылған шара барысында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, Өзбекстандағы оқырманға Абай Құнанбаевтың, жергілікті оқырманға Әлішер Науаидың шығармаларын насихаттап жатқандығы туралы мағлұматтар берді. «Көп ұлтты  Қазақстан», «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» сынды бірнеше тақырыпта бейнеслайдтар мен видеороликтер көрсетіліп, оқырман арасында викториналық сұрақтар, ойындар өткізілді.

 Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

С.Жиенбаев атындағы облыстық

жасөспірімдер кітапханасының

бөлім меңгерушісі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*