Басты бет » Денсаулық » Өмір сүру үшін!..

Өмір сүру үшін!..

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы «Рахат» түнгі клубында Халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында «Өмір сүру үшін, біл!» атты ауқымды шара ұйымдастырды.

Орталық мамандары нашақорлық пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар және АИТВ жұқпасының  алдын алу туралы шағын дәрістер оқып,жастарға ақпараттық парақшалар үлестірді.

Клуб маңында жұмыс істеген мобильді сенім пунктінде қызметкерлер келушілерді АИТВ жұқпасына экспресс тәсілмен тексеруден өткізіп, 20 минут ішінде нәтижесін шығарып берді. Шараға қатысушылар «Мен АИТВ-жұқпасына тест тапсырдым!» деген ақпараттық анықтамалықпен фотосуретке түсіп, көпшілікті уақытында тексерілуден өтіп, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

М.ТАБЫН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*