Басты бет » Жаңалықтар » ForteBank Ақтөбеде жаңа ұрпаққа арналған бөлімшесін ашты

ForteBank Ақтөбеде жаңа ұрпаққа арналған бөлімшесін ашты

Сәрсенбі 20 маусым күні Ақтөбеде барынша жайлы әрі озық технологиялар орнатылған ForteBank жаңа бірегей бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ақтөбе қаласындағы ForteBank жаңа облыстық филиалының тұсаукесеріне  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және ForteBank Басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.

«ForteBank елдің барлық өңірлерінде жаңа форматтағы жоғары технологиялы бөлімшелерін ашуды жалғастырудамыз. Біз өткен жылы Қазақстанның сегіз қаласында жаңартылған офистерімізді таныстырдық, биыл тағы төрт филиалды ашуды жоспарлап отырмыз. Біздің офистер The Financial Brand (АҚШ) басылымының хабарлауынша әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайындарының қатарында байқалды. Біз өз клиенттеріміздің өмір сүру сапасы күннен күнге жақсаруы үшін инновациялар мен технологияларға көп көңіл бөлеміз. Жаңа сервистер құра отырып, біз  кезекте тұруды болдырмауға және банкпен барлық өзара іс-қимыл барысын барынша тартымды, жайлы және пайдалы етіп жасауға ұмтыламыз », – деп атап өтті ашылу салтанатында Гурам Андроникашвили.

 Жаңартылған офистер – ForteBank заманауилығы мен инновациялылығының маңызды көрсеткіші. Интерьердің тұжырымдамасы мен стилі италиялық DINN дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандарымен мұқият әзірленді. Офистің құрылымында клиенттерді кезекте тұрудан босататын өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары, банкоматтар мен терминалдарға тәулікбойы қолжетімділігі қарастырылды. Банк консультанттары ForteBank мобильдік қосымшасының көмегімен онлай-қызметтерді қалай пайдалану керектігін егжей-тегжейлі айтып береді, ол өзінің интуициялық достық интерфейсімен таңқалдырады,  өте қолайлы әрі түсінікті, пайдаланушы ешкімнің көмегінсіз бағдарламамен қалай жұмыс істеу керектігін бірден түсінеді.

Банктің мобильдік қосымшасы елдегі барлық банк карталарының пайдаланушылары үшін ашық. Кез келген банктің клиенті бола тұрып, сіз ForteBank қосымшасын жүктей аласыз және барлық қызметтерді пайдалана аласыз. 2017 жылы банктің мобильдік қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік  Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша ТМД-дағы 10 үздіктің қатарында танылды. Қазақстанның барлық банктерінің төлемдік карталарын пайдаланушылар үшін ForteBank мобильдік қосымшасында 350-ден астам қаржылық қызметтер қол жетімді. Банктің сервисін 100 мыңнан астам қазақстандық бағалады. Мобильді қосымша арқылы ай сайын 2 млн-ға жуық транзакция жасалады.

Салтанатты ашылу рәсімі шеңберінде ForteBank пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында мақсаты өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсетуге қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Бүгінгі таңда ForteBank  елдің ірі және тұрақты банктерінің бірі. Біз Ақтөбеде ForteBank филиалының жаңа әрі қазіргі заманауи офисінің ашылғанына қуаныштымыз. Бүгін қол қойған стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум бірлескен жобаларды іске асыру үшін негіз болады және біздің өңірдің экономикалық дамуына өзінің қомақты үлесін қосады деп ойламыз», – деді өз кезеңінде Бердібек Сапарбаев.

Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызметтер көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 35 000 астам жеке клиенттер және 3000 жуық кәсіпкерлер.

ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Ақтөбе облысындағы филиал  бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша 4 млрд. теңге сомаға 20 жобаны қаржыландырды.

_________________________________________________________________

ForteBank елдің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі,  бізге 2 000 000 астам клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз бен 100 жуық бөлімшеміз бар. Банктің ұтқыр қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша ТМД-дағы 10 үздік банктің қатарында танылды. 2017 жылы ForteBank The Banker хабарлауынша «Қазақстандағы Жыл банкі» және  «Global Finance» хабарлауынша Қазақстанның үздік банкі деп танылды.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*