Басты бет » Жаңалықтар » Құрметті журналистер, «Актюбинский вестник» газеті редакциясының қызметкерлері!

Құрметті журналистер, «Актюбинский вестник» газеті редакциясының қызметкерлері!

2018 жылдың 19 маусымында «Актюбинский вестник» облыстық қоғамдық-саяси газетіне 100 жыл толады. Бұл — аймақтың қоғамдық өміріндегі үлкен жаңалық.

100 жыл  тұтас дәуір, яғни сіздердің басылымдарыңыз халықпен, аймақтың тұрғындарымен  бірге жасасып, осы бір қиын уақыттарда болған барлық  оқиғаларды шынайы әрі шығармашылық тұрғыда көрсете білді. Атап айтқанда, газет өзінің 100 жылдық тарихында атын бірнеше рет өзгертті, бірақ Қазақстанның егемендігі жарияланған кезден бастап өзінің «Актюбинский вестник» болып басталған алғашқы атауына оралды.

Газет тарихы — мемлекетіміз бен өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қалыптасуының шежіресі. «Актюбинский вестник» газетінің беттерінде жүздеген мың оқиғалар, деректер, ақтөбеліктердің өмір тарихы сақталды.

«Актюбинский вестник» газетіндегі мақалалардан адамдар елдегі және облыстағы оқиғаларды, сондай-ақ басылым беттерінен қарапайым шаруалар мен кәсіпорын, шаруашылық жетекшілері, министрлер мен партия көшбасшылары турасында оқып білді. Бұл дәстүрді редакция қазір де жалғастыруда әрі барлық мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын жан-жақты көрсету арқылы облыстың дамуына үлкен үлес қосып келеді.

Өздеріңіздің маңызды жарияланымдарыңызбен сіздер жоғары кәсібиліктеріңізді көрсете білдіңіздер және сіздердің басылымыңыз ең танымал әрі оқылымды болып есептеледі. «Актюбинский вестник» ғасыр бойғы тарихында өз жарияланымдарының жоғары деңгейін сақтады және уақытпен қатар жүріп келеді.

Газет редакциясы ұжымына қалыптасу кезеңінде жинаған барлық жағымды нәрселерді сақтап қалуларын, одан әрі өсуді, оқырмандар аудиториясын тұрақты түрде кеңейте беруді, жаңа қызықты шығармалар мен жарқын жеңістер әрі сарқылмас шығармашылық ізденістер тілеймін. Сіздердің қаламдарыңыз әрқашан өткір әрі адал, ал журналистік сөздеріңіз нақты әрі сенімді болсын.

Және, әрине, «Актюбинский вестник» пен бәріміз үшін осы есте қаларлық күнде басылымның барлық қызметкерлеріне денсаулық, бақыт тілеймін!

Бердібек САПАРБАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*