Басты бет » Әлеумет » Тұрақтылық — сенім кепілі

Тұрақтылық — сенім кепілі

Біздің еліміз —посткеңестік кеңістік тегі татулық, бірлік пен тұрақтылықты ту еткен, бір шаңырақ астында сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ынтымағы жарасып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан, ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды берік сақтай білген санаулы мемлекеттердің бірі.
Татулық— біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін баға жетпес байлығымыз.  Ынтымақта өмір сүру —  елімізде тұратын әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.
Мен мұны қан майданды, қантөгісті өз көзіммен көрген адам ретінде айтып отырмын. Сонау жылдары Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышымды өтеуге барғанда қарапайым адамдардың қалай жапа шеккенін, жан қиналысын, қанды қырғында мерт болған талай боздақты көрдім. Бейбітшіліктің, қоғамдағы тыныштықтың қадірін от пен оқтың ортасында жүріп жете ұғынып, түсіндім. Украинадағы жағдай, Сириядағы қақтығыс жүрегімді сыздатып ауыртады. Қаншама бейбіт тұрғындар зардап шегіп, қан жұтып, қайғырып, көз жұмып жатыр… 
Біздің еліміз дамудың даңғыл жолына батыл қадам басты. Біздің өз биігіміз, өз жетістігіміз бар. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды, ешкім таласа алмайды. 
Қазір мемлекеттердің идеологиясына,  саясатына, экономикалық мүддесіне байланысты әлем қарама-қайшылықтарға толы. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, бірлікті нығайтуымызды,  ұлттық құндылықтарды қадірлеп, тілімізді, дәстүрімізді, мәдениетімізді ұлықтауымызды, жас ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беруімізді, оларды отансүйгіштік өр рухта тәрбиелеуімізді, жастарды Отанға және халыққа адал қызмет етулеріне үндеуімізді жұрттың бәрі бірдей ұната қоймайды. Тұнықты лайлауға, тыныштықты бұзуға, ел арасына іріткі салуға ниетті адамдар бар. Мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, өздерінің жымысқы ойларын жүзеге асырғысы келетін, ел арасында  алауыздық тудырушыларға түбегейлі қарсымын. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының  арта түсуі, болашағының жарқын болуы, еліміздің дамуы тек қана қоғамдағы бірлік пен келісімге, халықтың ауызбірлігіне, ынтымағына ғана байланысты. Солсебептіелдігіміздісақтау — ынтымақ, бірлігімізге байланысты екенінұмытпауымыз қажет.

 Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,

«Ербақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы, ауған соғысының ардагері, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*