Басты бет » Басты жаңалықтар » «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ: Ақтөбе облысы — әлеуметтік, рухани, экономикалық салалар бойынша көшбасшы өңірлердің бірі

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ: Ақтөбе облысы — әлеуметтік, рухани, экономикалық салалар бойынша көшбасшы өңірлердің бірі

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалы активімен кездесті. Жиынға облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев қатысып, жүргізіп отырды.

Жиында партия қызметін жүйелі жаңғырту, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуынабелсенді түрде үлес қосужәне осы іскеқоғамдық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ партияның 22 жобасын іске асыру мәселелері қызу талқыланды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиынды аша отырып сөйлеген сөзінде Ақтөбе аймағында Елбасының «Бес әлеуметтікбастамасы» мен «Нұр Отан» партиясының 22 жаңа жобасын іске асыру барысында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Облыс әкімі атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындау мақсатында, өңірде 67 IT-сынып ашу, үстіміздегі жылы 25 кәсіпорында технологиялық жаңғырту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

Өңір басшысы шағын және орта бизнесті қолдау бағытында Ақтөбеде фермерлерге арналған жобалық кеңсе ашылатынын айтты.

— Мұндағы мақсатымыз — ауыл шаруашылығы саласы құрылымдарына өз өнімдерін тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік ұсыну. Өндіруші мен тұтынушы арасында жүрген делдалдар бағаны өсіріп жібереді, біз осының алдын алғымыз келеді, — деді Бердібек Сапарбаев.

«Село мектептерінде ағылшын тілін дамыту» жобасы бойынша іске еріктілер, соның ішінде жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер де жұмылдырылмақ. Жазғы каникул кезінде лагерьлерде ағылшын тілін үйрету клубтары жұмыс істеп, оған еріктілер тартылатын болады.

Бүгінгі күні облыста 54 әлеуметтік құрылыс жүріп жатыр. Бердібек Сапарбаев өңірде әлеуметтік саланы, орта және шағын бизнесті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға «Нұр Отан» партиясының мүшелері қомақты үлес қосып отырғанын айтты. Мысалы, Ақтөбеде ашылған офтальмологиялық орталықтың құрылысы, т.б.

Бес әлеуметтік бастаманың біріншісі — әр отбасына баспана алу мүмкіндігін беру. Осы орайда халыққа «7 – 20 – 25» бағдарламасы ұсынылмақ. Бердібек Сапарбаев бұл бағдарлама аясында өңірде 24 мың адам баспаналы болады деп жоспарланып отырғанын айтты.

Сондай-ақ облыс әкімі:

— Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру барысында,біз үшін экономикалық көрсеткіштерді төмендетіп алмау — бірінші кезектегі іс. Өткен жылы облыста экономикалық өсім 5 пайызды құрады. Биыл да осы қарқынды төмендетпеу көзделіп отыр. Өткен бес айдың қорытындылары бойынша, тек инвестиция тарту жөнінен ғананәтиже орташа республикалық көрсеткіштен төмен, албасқа барлық салаларда көрсеткіштеріміз жақсы, — деп атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевсөзін:

— Ақтөбе облысы — әлеуметтік, рухани, экономикалық салалар бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің бірі. Елбасы тапсырмаларын, партия алға қойған міндеттерді іске асыру барысында бұл өңір нақты нәтижелер көрсетіп келеді.«Нұр Отан» партиясының басты миссиясы — Мемлекет басшысының сенімді тірегі болу және Қазақстанды Үшінші жаңғырту жолындағы істерге ұйытқы болу, — деп бастады.

Өз сөзінде ол партия қызметін жаңғырту мақсаты мен соның аясындағы 22 жаңа жобаға айрықша тоқталды. Әсіресе, цифрландыру саласындағы жобаларға ерекше маңыз беріліп отыр.

— 1 маусымда өткен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыруды дамыту —  экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру екенін атап өтті. Бұл орайда біз үшін мамандар даярлау мәселесі өзекті болып табылады. Партия бастамасы бойынша елімізде 1000 IT-сынып пен 20 IT-орталық ашу жоспарланған, — деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, жыл сайын 150 мың бала IT-сыныптарда білім алатын болады. Сондай-ақ, жастардың білім деңгейін көтеруге ауылдық кітапханаларды жұмылдыру үшін ҚР мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен жоба қолға алынды. Бұл жөнінде партия Төрағасының бірінші орынбасары:

— «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру»атты мақаласында Елбасыбілімді бәрінен биік қойған ұлт қана табысқа жете алатынын атап көрсетті. Бізотандықкітапханалардызаманауибіліморталықтарынаайналдырудыкөздейтінпартиялықжобанықолғаалдық. Бұл — жас ұрпақты ХХІ ғасыр талаптарына даярлау жолындағы қадамдардың бірі, — деді.Ол жаңа жобаларды іске асыруға партияның әр мүшесі атсалысады деп үміттенетінін жеткізді.

Жиында, сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, облыстық мәслихат депутаты, облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сергей Вишняк, Ақтөбедегі үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназияның директоры Маржангүл Тойшыманова, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы партияның бастауыш ұйымының төрайымы Элеонора Бердібаева, т.б. сөз сөйлеп, жиында көтерілген мәселелерге орай өз ой-пікірлерін жеткізді және партия бастамаларын іске асыру барысында өз ұжымдарында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Индира ӨТЕМІС.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*