Басты бет » Экономика » Қаржыға бақылау қажет

Қаржыға бақылау қажет

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан өткен жылы 8 мемлекеттік аудит іс-шарасы 131 аудит нысандарында жүргізілді. Осы іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 276 429,3 миллион теңге мөлшерін құрады.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі — 34 502,0 милион теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 4 476,1 миллион теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 20 796,4 миллион теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және активтер 7 261,1 миллион теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және активтер 1 968,4 миллион теңгені құрады.

Аудит барысында және одан кейінгі уақытта 4 433,4 миллион теңге қалпына келтірілді.

«Ақбұлақ» АҚ және «Трансэнерго» АҚ активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген аудит іс-шарасымен қаржылық және рәсімдік орындау бұзушылықтары анықталды, сондай-ақ олардың қаржылық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланды.

Қоғамның қанағаттандырарлықсыз қаржылық жагдайына: әкімшілік шығыстардың жыл сайынғы нормаланбаған өсімі, мемлекеттік басқару органынан бөлек тиімсіз басқарушылық шешімдері (лайықсыз бақылау салдарынан), тиімсіз жоспарлау, қоғамның қаражаттарын үнемсіз жұмсау, активтерді тиімсіз пайдалану әсер еткен.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында, Мұғалжар және Байғанин аудандарында жергілікті бюджет түсімдердің уақтылы түсуі мен толықтығына, жергілікті бюджетке артық (қате) төленген түсімдер сомаларының дұрыс қайтарылуына, бюджет қаражаттарының пайдалануына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бұзылушылықтары анықталды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерін анықтау, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлау және орындау рәсімдерінің сақталуында тұтастай алғанда жүйелі заңбұзушылықтар орын алды.

Сонымен қатар «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-де аудиторлық іс-шарамен еңбекақы және жәрдемақылардың негізсіз төленуі сияқты жүйелік бұзушылықтар анықталды. Бұдан басқа, артық іссапар шығындарының төленуі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру нормаларын дұрыс қолданбау бұзушылықтарына жол берілген.

Қазақстан Республикасы Білім туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларын бұзу деректері бойынша №27 «Айгөлек, «Нара+Д», «Райгүл» балабақшалары бойынша материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ және мекемеге қарасты 10 денсаулық сақтау ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаттарының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен Бюджет, Азаматтық, Еңбек Кодекстері, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңдарының бұзушылықтары анықталды.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде салынған объектілердің пайдалану тиімділігін қарау мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша бюджет қаражаттары есебінен салынған Ақтөбе қаласы және аудандардағы нысандарға тексеріп қарау жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген деректер «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша салынған активтердің тиімсіз пайдаланғандығын және бағдарлама аясында түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегендігін көрсетеді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 134 лауазымды тұлғаға тәртіптік және әкімшілік жаза қабылданды, оның ішінде 13,4 миллион теңгеге 91 әкімшілік айыппұл салынды.

 Сағат ЕҢСЕГЕНҰЛЫ,

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*