Басты бет » Мәдениет » Іріктеу кезеңі қорытындыланды

Іріктеу кезеңі қорытындыланды

Брифинг

«Men Qazaqpyn» тележобасының облыстық деңгейдегі қорытынды байқауы 17 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында өтпек.

Бұл туралы Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды. «Aqtobe» телеарнасы директорының орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаеваның айтуынша, бұған дейін «Men Qazaqpyn» мега жобасының іріктеу кезеңдері облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында ұйымдастырылды.

Байқауға халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын 18 бен 40 жас аралығындағы 70-ке жуық өнерпаз қатысты. Байқау талаптары бойынша қатысушының қандай да бір музыкалық білімі болуы міндетті емес.

— Қатысушылардың арасында кәсіби музыканттармен қатар, теміржолшылар күзетшілер, сонымен қатар басқа да мамандық иелері болды, — деді телеарна директорының орынбасары.Облыстық іріктеу кезеңіне 33 қатысушы жолдама алды. Оның ішінде 12 адам «Халық әні» және «Терме», 9-ы «Күй» номинациялары бойынша өнер көрсетпек.    Қазылар алқасының мүшесі, республикалық байқаулардың жеңімпазы Қоянбай Тобағабылов аудандарда өткен кезең барысында ұмытылып бара жатқан, бүгінде сирек орындалатын халық әндері мен термелер шырқалғанын атап өтті.

— Кейбір қатысушылардың вокалдық деңгейі жоғары, бірақ әлі де болса олардың орындау шеберлігін шыңдау керек, —  деді Қ.Тобағабылов.

Облыстық деңгейдегі қорытынды байқау 17 маусымда сағат 10.00-де Өнер орталығы ғимаратында өтпек. Республикалық кезеңге терме, күй, дәстүрлі халық әні номинациялары бойынша бір-бір қатысушыдан өтеді.

Айта кетейік, аталған тележобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен, Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ ұйымдастырып отыр.

Былтыр байқауға Қазақстанмен бірге, Ресей, Моңғолия және Қытай мемлекеттерінен барлығы 3 мыңнан аса үміткер қатысуға өтініш білдірді. Олардың ішінен 700-ге жуық орындаушы іріктеліп алынып, 57-сі республикалық тележобаға жолдама алды. Алғашқы маусымда «Үздік күйші» атағына жерлесіміз Ардақ Елеусіз ие болып, жеңімпаз атанды.

Абат ҚАРАТАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*