Басты бет » Жаңалықтар » «Дабыл-2018» жаттығуына оң баға берілді

«Дабыл-2018» жаттығуына оң баға берілді

«Дабыл-2018» командалық-штабтық жаттығуын өткізу қорытындылары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік оперативті штаб мәжілісінде шығарылды.

Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің жауапты қызметкерлері, облыстың прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және әскери бөлімдер басшылары қатысты.

Облыс басшысы жаттығу барысында бөлімшелер әскери дағдыларды, қимыл-әрекеттердің реттілігін және айқындығын көрсете білгендігін атап өтіп, шараға қатысты оң бағасын берді.

Ағымдағы жылдың 4-8 маусым аралығында облыста «Дабыл-2018» командалық-штабтық жаттығуы өткені белгілі. Оның басты мақсаты — төтенше жағдайлар ахуалында күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлесімділікті көтеру болып табылады.

Жаттығу барысында өңірдегі орналасқан күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік әзірлігі деңгейіне, басқаруды ұйымдастыру мен өзара әрекеттерге тексеру жүргізілді. Негізгі оқу-жаттығу шаралары Ақтөбе қаласында, Мұғалжар және Мәртөк аудандарында өткізілді.

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар, әскери бөлімшелер оқу-жаттығу барысында алға қойылған міндеттерді дер кезінде және табысты орындады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*