Басты бет » Жастар » Орталық логотипін бірге анықтайық!

Орталық логотипін бірге анықтайық!

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы аталмыш мемлекеттік мекеменің логотипін жасауға байқау жариялады. Байқауға қаламыздағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Еңбектер 2018 жылдың 1 маусымы мен 31 маусымы аралығында қабылданады.

Сайыстың қорытындысы үстіміздегі жылдың 10 шілдесі күні шығарылады.

Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғановтың айтуынша, сайысқа қатысушы жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жауапты.

Ереженің талаптарына сәйкес келетін сайысқа түскен материал қазылар алқасына  жіберіледі. 1,2 және 3-орын алған логотиптер анықталады. Сайыстың қазылары ұсынылған логотиптерді саралап, жеңімпазды анықтайды, — дейді Жандос Табылғанов.

Сайыста қарастыру үшін ұсынылатын сурет JPEG және PNG пішінінде дайындалып, 700х700 px мөлшерінде және 72 dpi рұқсатымен, RGB түс моделінде болуы тиіс. Файлдың мөлшері 500 Кб аспауы қажет. Жұмыстарды jandos2@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*