Басты бет » Жаңалықтар » Әкімдік қызметкерлерінің сыйлығы

Әкімдік қызметкерлерінің сыйлығы

Ақтөбе қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері «20 игі іс» жобасына белсенді қатысып жатыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ҚР мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл және Астана қаласының 20 жылдығына орай облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында «20 игі іс» жобасын іске асырды. Ақтөбе қаласы әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілер бұл жобаға белсенді қатысуда. Соның бірі — Донор күніне орай олар мұқтаж азаматтарға медициналық көмек көрсету үшін қан тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері Ақтөбе қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедегі София Льянованың үйінде болып, зейнеткерге қолғабыс етті.

Жоба аясында қала әкімдігі қызметкерлері Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың және Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасованың басшылығымен Аналар үйіне барып, балаларға естелік сыйлықтар үлестірді.

А.НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*