Басты бет » «Бақытты бала» » Студенттер балабақшаға келді

Студенттер балабақшаға келді

Биылғы жыл облыс басшысының бастамасымен облыста Балалар жылы болып белгіленгені мәлім. Осы жоба аясында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің, №2 Студенттер  үйінің бір топ жастары №44 «Тұлпар» балабақшасына арнайы барды. Студенттер кішкентай іні-сіңлілеріне сыйлықтар апарғанымен бірге ойын алаңдарын сырлап, әктеп берді. Балабақша ауласын тазартып берген аға-апаларына кішкентай балалар жарысып ән шырқап, тақпақтарын айтты.

«Біз де бала болғанбыз, ертең бұл балалар да біз секілді студенттер атанады. Бала — елдің ертеңі. Үлкендер балаларды қуантуды тек балалар күні қарсаңында емес, үнемі ескеріп жүруіміз керек. Бұл — біздің облыс әкімінің «Бақытты бала» жобасына қосқан үлесіміз», — дейді студенттер.

Біздер — балабақша ұжымы жастарға, олардың оқу орындарына алғысымызды білдіреміз.

Салтанат ОРАЗҚЫЗЫ,

№44 Тұлпар балабақшасының«Бәйшешек» тобының тәрбиешісі.

Ақтөбе қаласы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*