Басты бет » Жаңалықтар » Аудитордың абыройы

Аудитордың абыройы

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызметте Айтбай Атағұлов 35 жылға жуық абыройлы еңбек етіп келеді. Ол қазір Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті №1 мемлекеттік секторы аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитор.

1983 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Алматы есеп-несие техникумын мемлекеттік банк есепшісі  болып бітірген Айтбай Орынбасарұлы еңбек жолын  Ойыл аудандық  мемлекеттік  банк бөлімшесінде   есепші  болып  бастады. Одан кейін Ойыл аудандық автожол бөлімінде  аға есепші, аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік табыстарды есепке алу бойынша инспектор, экономист, аға экономист  болып  еңбек  етті.

1993 жылдан күні бүгінге дейін мемлекеттік қаржылық бақылау  жүйесінде.

Департаментте жұмыс жасаған уақыт ішінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді, білікті маман, ұжымда беделді қызметкер, жолдастары арасында сыйлы. Жұмыста аса жауапты. Қандай тапсырылған жұмысты да тиянақты орындайды. Сонысымен жас мемлекеттік қызметшілер  үшін әрдайым үлгі-өнеге. Осы қасиетін білетін басшылық оны департаментке алғаш мемлекеттік қызметке қабылданған  жас мамандарға тәлімгер етіп бекітті. Ол жастарға жұмыстың қыр-сырын үйретуден  жалыққан емес.

Аудитор ретінде де қызметін мінсіз атқарады.  2018 жылдың 4 айында жүргізілген аудиторлық шаралар нәтижелері бойынша   жалпы сомасы 14302,0 мың теңгенің қаржы бұзушылығын анықтады, процессуалдық сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы —  27304,1 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтар — 788,3 мың теңге болды. Қаржы бұзушылықтардың ішінде өндірілуге жататыны —  12429,4 мың теңге және қалпына келтірілуге жататыны  1872,6 мың теңге болса, соның бәрі толығымен  бюджет табысына өндірілді.

Қаржы органдарындағы мінсіз жұмысы үшін  Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының және ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алғыс  хатымен  марапатталды.

Қаржы бақылау жүйесінде көп жылғы жинақтаған жұмыс тәжірибесі бар, білімі мен кәсіптік дайындығы жоғары мұндай

Мамандарды әрқашан мақтан тұтамыз. Біз әріптесіміздің  алдағы келе жатқан  23 маусым — Мемлекеттік  қызметшілер күні қарсаңында  мемлекеттік қызметтегі  жұмысына  зор  табыстар тілейміз.

А.ДАРЖАНОВА,

Ақтөбе облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

кадрмен  жұмыс бойынша бас маманы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*