Басты бет » Жаңалықтар » Тақырыптық лагерьлер ашылады

Тақырыптық лагерьлер ашылады

Ақтөбе қаласында  биыл 66 мың баланы жазғы лагерьлермен қамту жоспарланған. Бұл туралы қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айсұлу Жақсыбаева қалалық Оқушылар сарайында өткен жиын барысында мәлімдеді.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының ұйымдастырылуына орай өткен жиынға Ақтөбе қаласы прокуратурасының аға прокуроры Ерболат Еренов, Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айсәуле Оралбаева, қалалық жастар ресурстық орлалығының директоры Жандос Табылғанов, сондай-ақ мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айсұлу Жақсыбаеваның айтуынша, биылғы жазғы лагерьлердің басты ерекшелігі бірнеше мектеп жанынан тақырыптық лагерьлердің ашылуында. Өткен жылы алғаш өткізілген ағылшын тілін үйретуге арналған «Тілдік лагерь» ата-аналар тарапынан сұранысқа ие болғандықтан, биыл да жалғасын тауып, қосымша өлкетану-туристік, спорттық, шығармашылық, экология-биологиялық бағыттағы лагерьлер жұмыстанады. Бұл ретте  1200 -дей оқушы қамтылады.

Лагерьдегі маусым 12 күндік. Ал тақырыптық лагерьлер 10 күнге жоспарланған. Қаражат ата-ана тарапынан төленетін болса, мектеп жанындағы лагерьлерде тынығу 14 000 теңге, қала сыртындағы жекеменшік лагерьлердегі жолдама құны 30 000 мыңнан астам болады. Ал шатырлы лагерьлер — 13 000, тақырыптық лагерьлер 12 000 теңге.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*