Басты бет » «Бақытты бала» » Балалар Түркістанға саяхат жасады

Балалар Түркістанға саяхат жасады

«Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы Пригород орта мектебінің бір топ оқушысы Түркістан қаласына саяхаттап барды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрі облыстағы «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыру аясында мектебімізде белгіленген кестеге сай іс-шаралар жоспары құрылды. Мектептегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары ұдайы өткізіледі. Жақында ғана Пригордный ауылындағы «Шаңырақ» кафесінде әлеуметтік топтағы балалар үшін қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, тәтті тағамдар ұсынылды, балақайлар үшін концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

Балалардың бойына рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында мектебіміздің жиырмаға тарта оқушысы жазғы демалыс күндері Түркістан қаласына экскурсиялық саяхатқа барды. 5-7 сынып оқушыларын мектеп мұғалімдері  Ақтоты Өтепова мен Ақерке Қадырова бастап барды. Сапар аясында өрендер Арыстан баб, Ахмет Яссауи кесенелерінде болды. Киелі орындарда балаларға зияраттың әдептері кеңінен түсіндіріліпті. Танымдық іс-шара барысында оқушылар ер түріктің бесігі атанған қаланың бұдан өзге де  қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен жақынырақ танысты.

Әрине, Балалар жылында оқушыларымыз Түркістан қаласына саяхаттап барумен ғана шектелген жоқ, бұған дейін бір топ оқушы Алматы қаласында тынығып келді.

Бүгінгі күні мектеп жанынан ашылған «Достық» лагері өз жұмысын бастады. Мектеп директоры Гүлнар Жанинаның басшылығымен «Бақытты бала» жобасы аясында лагерь тынығушыларына барлық жағдай жасалып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Миргүл НҰРБАЕВА,

Пригород орта мектебі жаратылыстану

бірлестігінің жетекшісі.

Ақтөбе қаласы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*