Басты бет » Спорт » Волейболдан дәстүрлі біріншілік өтті

Волейболдан дәстүрлі біріншілік өтті

Ойыл селосында Ұлы Отан соғысына қатысушы Қожас Қарабалиев пен Жаңыл Бақтыгелдинованың жүлдесі үшін волейболдан дәстүрлі жарыс өтті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен жарысқа Ойыл ауданы мен Атырау облысының көрші Қызылқоға ауданының волейболшылары қатысты.

Ерлер арасындағы жарыста алдыңғы үш орынды Ойыл ауданының аграрлық колледжі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық ішкі істер бөлімі командалары алды. Әйелдер арасындағы сайыста бірінші орынды Ойыл ауданының құрама командасы жеңіп алса, екінші орынға атыраулық құрама команда шықты. Ал үшінші орынды аграрлық колледждің командасы иемденді.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен медальдар тапсырылып, ақшалай сыйлықтар берілді.

Дәстүрлі біріншіліктің  өтуіне облыстық спорт комитеті, Ойыл аудандық әкімдігі аудандық спорт мектебі арқылы ықпал жасады. Әдеттегідей жарыстың негізгі демеушісі Ұлы Отан соғысына қатысушы Қожас Қарабалиевтің ұлы — Рақым болды. Мұнымен бірге, жарыстың өтуіне жергілікті кәсіпкер Жеңіс Займолдин, ақтөбелік кәсіпкер Сырым Ерғалиев қолдау көрсетті.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Ойыл ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*