Басты бет » Жаңалықтар » Төмен көміртекті жобалар жүзеге асырылмақ

Төмен көміртекті жобалар жүзеге асырылмақ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының жаңа жобасы ұсынылды. Осыған орай Ақтөбе қалалық әкімдігінің ғимаратында «Қазақстандағы төмен көміртекті дамуы тұрақты қалалар» атты жиын өтті.

Басқосуға өңірімізге іс-сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдері Ирина Байғазина мен Александр Белый, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері мен ірі кәсіпорындардың басшылары т.б қатысты.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасын іске асыру «Даму» акционерлік қоғамы арқылы өткен жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаны іске асыру энергияны, суды тұтынуды азайту, сондай-ақ негізсіз жылуды, ауаны және басқа да ластануларды болдырмау үшін төмен көміртекті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.— Қазіргі таңда экономикалық ахуал шеңберінде тұрақты қалалар бойынша жаңа жобаның іске асырылуы өте маңызды болып табылады. Себебі, бір жағынан, осы тұрақтылықты қамтамасыз ету жаһандық экологиялық тиімділікті сақтайды. Екінші жағынан, қалалардағы өмір сапасын жақсартуға, әсіресе қоғамдық көліктегі және қалалық шаруашылықта көрсетілетін қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді, — дейді БҰҰ Даму бағдарламасының жаһандық экономикалық қоры және Қазақстан үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.Аталған жобаны іске асыру үшін БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында қаржылық қолдау алуға несие беріледі.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*