Басты бет » Әлеумет » Комиссия тұрғын үй аулаларын аралады

Комиссия тұрғын үй аулаларын аралады

«Туған жер туған ауладан басталады» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов бастаған комиссия мүшелері

байқауға қатысуға ұсыныс берген көппәтерлі тұрғын үй аулаларын аралап шықты.

Атап айтсақ, комиссия бұл күні Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова даңғылы, №13, №13Б, №58/1-8, Тургенев көшесі, №36, әз Наурыз көшесі, №14, №16, №32, Әйтеке би көшесі, №24, Ақтөбе көшесі, №47/2 тұрғын үйлер аумағын қарап, тексеріп шықты. Сондай-ақ комиссия мүшелері Тургенев көшесі, №36 үй аумағында жасақталып жатқан балалар ойын алаңын қарады. Қазір бұл жерде ойын алаңы қоршалып, тазарту, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Ақнұр Қазбаеваның айтуынша, бүгінгі күні байқау комиссиясына 16 көпқабатты үйлерден байқауға қатысуға тапсырыс түскен.

Айта кету керек, биыл 15 мамыр —1 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында көппәтерлі тұрғын үй аулаларын кешенді жетілдіру мақсатында «Туған жер туған ауладан басталады» атты бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама қала тұрғындарының аумақты абаттандыру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарына белсенділігін арттыруға және балаларға арналған демалыс орындарының қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Д.ТАУАНОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*