Басты бет » «Бақытты бала» » Орынборлық офтальмологтар балаларды тегін тексерді

Орынборлық офтальмологтар балаларды тегін тексерді

«Бақытты бала» жобасы аясында Орынбор қаласындағы С.Федоров атындағы салааралық көз микрохирургиясы ғылыми-техникалық кешенінің офтальмолог дәрігерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін тегін тексерді.  

Соңғы екі аптадан бері орынборлық дәрігерлер Алға мен Жайсаңдағы  балалар үйінің тәрбиеленушілерін және Ақтөбе қаласындағы «Шағала» санаторийіндегі балдырғандардың көзін тексеріп, ем жүргізді.

Орынборлық әріптестер «Бақытты бала» жобасына қолдау білдірді. Балалар үйінің барлық тәрбиеленушілерінің көздерін тексерді. Емдеуді қажет ететіндер мен ота жасайтын балаларды іріктеді. Себебі көзге  ота бірден жасалмайды, алдын ала дайындалады. Сондықтан дәрігерлер осы сапарда балаларды іріктеп алса, келесі келгенде операция жасайды. Жалпы балалар арасында миопия, көздің қисаюы, көз өткірлігінің кемуі секілді ауру түрлері жиі кездеседі. Осы ретте ең алдымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуді жөн санадық, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

С.Федоров атындағы салааралық көз микрохирургиясы ғылыми-техникалық кешенінің дәрігерлерін осы орталықтың білікті маманы Александр Лосицкий бастап келді. Тәжірибелі мамандар бірнеше күн қатарынан балаларды қарап, ем жүргізді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*