Басты бет » «Бақытты бала» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

«Бақытты бала» халықаралық байқауының артында қыруар ұйымдастырушылық жұмыс тұр: балалардың өнерін бағалау, іріктеу, келушілерді орналастыру, сахнаны безендіру, байқау өтетін орынды әзірлеу, ақпараттық қолдау, жарнамалау жұмыстары, костюмдер әзірлеу, көпшілік шараларды ұйымдастыру, т.б. сынды іргелі жұмыстарды атқару бір адамның ғана қолынан келмейді. Оның артында тұтас команданың еңбегі жатыр.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов осы шараны өткізу барысында жан-жақты қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдіріп, «Бақытты бала» халықаралық байқауынан естелік ретінде сыйлықтар табыстады. Олардың қатарында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония директоры Елубай Кенжалиев, «Мега Старс» би мектебінің директоры Мәдина Мұратова, т.б. сынды азаматтар бар.

— Осындай ауқымды жұмысты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткіздік. Енді осы қарқынмен, осы деңгейде алдағы жылы өтетін Ақтөбе қаласының 150 жылдығына дайындықты бастауымыз керек, — деді І.Испанов.

Халықаралық байқауды өткізуге бір кісідей жұмылған жұртты Қанат Айтбаев, қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдархановалар да құттықтады.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*