Басты бет » Спорт » Айдын Төлепбаев — Еуропа чемпионатының жеңімпазы!

Айдын Төлепбаев — Еуропа чемпионатының жеңімпазы!

Жақында Белоруссияның Минск қаласында қоян-қолтық ұрыстан Еуропа чемпионаты өтті. Оған АҚШ, Канада, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның командалары, жалпы алғанда 200-ден астам спортшы қатысқан.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, Қазақстаннан 9 ер адам, 8 әйел адамнан тұратын команда қатысқан. Халықаралық додада біздің спортшылар үш жүлделі орынға ие болды.

Қазақстан құрамасының құрмындағы Ақтөбе облыстық ІІД жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Айдын Төлепбаев өз салмағы бойынша қола жүлдеге ие болды. Айдын Төлепбаев ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. 2015 жылы Президент Кубогы үшін өткен жарыста қола жүлдеге ие болған еді. Өткен жылдың желтоқсанында ҚР Бас қолбасшысының Кубогы үшін өткен додада алтын медальға лайықты өнер көрсетті. Спортпен бала кезден бері айналысып келе жатқан Айдын бүгінде жұмыс пен спортты қатар алып жүр. Қазір ол биыл күзде өтетін әлем чемпионатына іріктеуге дайындалып жатыр.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*