Басты бет » Спорт » Мереке Жүнісова — Азия чемпионы

Мереке Жүнісова — Азия чемпионы

Ақтөбелік спортшы — 26-28 мамыр аралығында Вьетнамның Хошимин қаласында таэквондодан WT олимпиадалық спорт түрінен өткен додаға қатысып, жүлделі оралды. Бұл жарыста әлемнің 34 елінен 300-ден астам спортшы бағын сынаған. Облыстық спорт басқармасы берген дерек бойынша,  Қазақстанның ұлттық құрама командасынан 16 спортшы, оның ішінде Ақтөбеден барған екі спортшы Мереке Жүнісова мен Ақсәуле Ерқасимова ел намысын қорғады.

Мереке Жүнісова +73  келі салмақ дәрежесі бойынша 3 жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда Оңтүстік Корея өкіліне есесін жіберіп алып, 3 орынға ие болды. Ал Ақсәуле Ерқасимова 73 келі салмақ санатында өнер көрсетіп, 5-ші орынға тұрақтады.

— Қола жүлде оңайлықпен келген жоқ, қарсыластарым мықты болды. Алдағы рейтингілік, Азия ойындары алдында тәжірибе жинақтадым. Жаттықтырушым Нұрлан Жалғасбаевқа, маған қолдау көрсеткен баршаға алғысым шексіз, — дейді Мереке Жүнісова.

 М.ТАБЫН.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*