Басты бет » Мәдениет » Үздік атанды, Астананы аралады

Үздік атанды, Астананы аралады

Ырғыз аудандық орталық кітапханасы Астанада өткен республикалық «Рухани қазына» фестивалінде «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған фестиваль қорытындысында үздіктерді марапаттау рәсімі Ұлттық музей ғимаратында өтті. Республика бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне дипломмен бірге, 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, аудандық кітапхана директоры Марат Мырзалының бастамасымен, Астананың 20 жылдығына орай, кітапхана қызметкерлерінің Астана қаласына саяхатын ұйымдастыру жоспарланған болатын. «Рухани қазына» фестивалінен соң, кітапхана қызметкерлері Астананың көрікті орындарын аралады, соның ішінде  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында да болды. Саяхатқа барған топты Ұлттық кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жолдыбалинов қабылдап, екі ұжым қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастырып, ыстық ілтипат көрсетті.

Бұдан соң, аудандық кітапхана қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұловпен жүздесті. Әңгіме барысында Ырғыз өңіріне, мәдениет саласына қатысты мәселелер қозғалды. Парламент депутаты Асылбек  Смағұлов Ырғыз өңіріндегі атқарылып жатқан шаруалар мен алдағы шешімін күтер мәселелерден хабардар екендігін айтты.

А. САРЫБАЙ. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*