Басты бет » «Бақытты бала» » Әнші бала — Шәмші

Әнші бала — Шәмші

Жас талап

«Бақытты бала» акциясы аясында жас әнші Шәмші Самғатұлы облысты аралап, «Қадам» атты ән турын өткізіп жүр.

Үш жасынан ән айтып, сахнада өнер көрсеткен Шәмші Самғатұлы алғашқы жеке концертін Мәртөк ауданының орталығынан бастады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың батасын алған балақайды бірнеше аудан шақыртқан.

—  Шәмшінің алғашқы концертін өткізуге Мәртөк ауданының әкімдігі қолдау білдірді. Осылайша шығармашылық турымызды бастадық. Қазір балам Мәртөктегі  №2 мектептің 2-сыныбын аяқтады. Сабақ үлгерімі жақсы, — деді әкесі Самғат Артықәлі.

Шәмші бүгінге дейін Мәртөк, Алға, Темір, Мұғалжар аудандарының тұрғындарына өнерін көрсетті. Шалғай ауылдарды да аралады. Жақында  Ойыл, Қобда аудандарына барды. Алда  Әйтеке би ауданының жұртшылығына өнерін көрсетеді. Көршілес Орынбор облысының Ақбұлақ, Тұзтөбе ауылдарынан шақырту алған. Қазір  Шәмшінің ән қорында 10-ға жуық ән бар. «Арман-ай», «Молдабай», «Батаңды бер» деген әндерді нақышына келтіріп шырқайды. Бұдан басқа туған жер, балалық шақ, ата-анаға алғыс тақырыбындағы әндерді айтады.  Кішкентай әншінің кешіне өнердегі ағалары  дәстүрлі әнші Әділет Күзенбаев, эстрадалық әнші Арман Жиеналиев пен Нұрлан Бекайдаров қонақ ретінде келіп, қолдау білдіріп жүр. Сондай-ақ Шәмші — түрлі деңгейдегі балалар байқауларының жеңімпазы.

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*