Басты бет » Мереке » Көбейе берсін сәбилер

Көбейе берсін сәбилер

Статистика

2017 жылы Ақтөбе облысында азаматтық хал актілерін тіркеу органдары арқылы өмірге келген 19 138 сәби тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде —13 012, ауылдық жерлерде — 6126 бүлдіршін.

Туғандардың 51,6 пайызы (9883) ер балаларды және 48,4 пайызы (9255) қыз балаларды құрады. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады.

2007 жылмен салыстырғанда туғандар саны 32,9 пайызға (ер балалар — 33 пайыз, қыз балалар — 32,7 пайыз), қалалық мекендерде — 45,7 пайызға, ауылдық жерлерде 11,9 пайызға артты.

Туудың жалпы коэффициенті (1000 тұрғынға шаққандағы туғандар саны) 2017 жылы 22,47 промиллені  құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 1,88 промиллеге (2007 жылы — 20,59) артты. Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 24,16 промиллені (2007 жылы — 23,80), ауылдық мекендерде 19,56 промиллені (2007 жылы — 16,88) құрады.

Ақтөбе облысындағы туудың жалпы коэффициенттері

1000 адамға туғандар саны

Ақтөбе облысы аудандарының  ішінде туудың ең жоғары деңгейі Ақтөбе қаласында  (1000 тұрғынға шаққанда 24,58 сәби), Темір (22,60), Хромтау (22,55)  аудандарында  байқалды.

Ең төменгі көрсеткіш Қобда (12,19), Қарғалы (13,44)  және Әйтеке би (16,54)  аудандарында көрініс тапты.

Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2017 жылы 2,67 құрады және 10 жыл ішінде 10,3 пайызға өсті (2007 ж. — 2,42).

Туудың жиынтық коэффициенті қалалық мекендерде — 1,1 пайызға (2017 жылы — 2,76; 2007 жылы — 2,73), ауылдық мекендерде 24,3 пайызға өсті (2017 жылы — 2,56; 2007 жылы — 2,06).

Дүниеге келген балалардың үштен бірі 25-29 жастағы аналар үлесінде. Әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,4 жасты құрады және 10 жылда 0,2 жасқа (2007 жылы — 28,2 жас) ұлғайды.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*