Басты бет » Жаңалықтар » Дәстүрлі марафонға келіңіз!

Дәстүрлі марафонға келіңіз!

Ақтөбе қаласының 149 жылдығына орай 27 мамыр күні жеңіл атлетикадан жартылай марафон өтеді. Мақсат — қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Ақтөбе марафон — 2018» дәстүрлі марафонына қатысушылар 3, 10, 21 шақырым қашықтыққа жүгіре алады. Ұйымдастырушылар ешкімнің де атаусыз қалмайтынын, 10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіріп өткендер арнайы медальмен марапатталып, ал жас ерекшеліктері бойынша  жеңіске жеткендер ақшалай сыйлықтарға ие болатынын айтады. Қатысушылар 27 мамыр күні сағат 8.00-де Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» стелласының қасында жиналады.

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, 27 мамыр күні сағат 07.30-дан 13.00-ге дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін және Абай даңғылы жағынан (екі жақ беті), Маресьев көшесі бойы В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолға дейін, Сәңкібай батыр даңғылы бойы айналма жолынан Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесі бойы айналма жолдан Мясоедов көшесіне дейін, әз Наурыз көшесінің бойы Мясоедов көшесінен Әкімжанов көшесіне дейін, сонымен қатар Шайкенов, Асау-Барақ параллель көшелері, Әкімжанов көшесі бойы Асау Барақ көшесінен К.Нокин даңғылына дейін,  сонымен қатар Қонаев, Кобозев параллель көшелері,  К.Нокин даңғылы бойы Әкімжанов көшесінен 312-атқыштар дивизиясына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы 312 Атқыштар дивизиясынан                   Есет батыр көшесіне дейін,  Есет батыр көшесі бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан Абай даңғылына дейін, Әбілқайыр хан даңғылының бойы Абай даңғылынан М.Мәметова көшесіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы жабылады.

Сондай-ақ, 26 мамыр күні сағат 22.00-ден 27 мамыр күні сағат 07.30-ға дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы М.Мәметова көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне  дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылады. Өз кезегінде Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Ақтөбе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалды.

Мұнымен бірге, Ақтөбе қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Автопарк» ЖШС-на «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» ЖШС-мен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, марафонға алдын ала тіркелу «Керуен сити» ОСО, «Worldclass» ФК және Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінде жүргізіледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*