Басты бет » Жаңалықтар » Аумақтық қорғаныс бригадасы басқару қызметінің басшысы өзгерді

Аумақтық қорғаныс бригадасы басқару қызметінің басшысы өзгерді

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ «Аумақтық қорғаныс бригадасының басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағымдағы жұмысы мәселесі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.   

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі адамдар, көлік және басқа ресурстардың есебін ұйымдастыруға, оларды аумақтық қорғаныс бригадасына тіркеу жұмысын жүргізуге бағытталған. Мемлекеттік мекеме сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадасы күшімен және құралдарымен басқаруды ұйымдастыру, жұмылдыру бойынша шараларды жүзеге асырады және оның әзірлігін қамтамасыз етеді.

Кеңес барысында қаржы құралдарын тиімді пайдалану және кадрлар құрамын оқыту мәселелері талқыланды. Облыс басшысы материалдық-техникалық базаны жақсарту және айтылған ескертулер бойынша жұмыс істеуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Облыс басшысы осы жиында Аумақтық қорғаныс бригадасы басқару қызметінің жаңа басшысы, Әбдірахман Сәукеновті таныстырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*