Басты бет » Жаңалықтар » Астана саябағы салынады

Астана саябағы салынады

Ақтөбедегі Астана қаласының мәдени күндері аясында «Нұр Ғасыр» мешіті мен жаңа Неке сарайы ғимаратының арасында Астана саябағы бой көтеретін болады. Өткен сенбі күні саябақ жобасы таныстырылып, құрылыстың капсуласын салу рәсімі өтті.  
Шараға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, аталған жоба туралы Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испанов баяндады. Оның айтуынша, 4,3 гектар алқапты қамтитын жаңа саябақ қала тұрғындары үшін ерекше демалыс орны болмақ.

Жаңа демалыс орнының кіреберісі арка түрінде Әбілқайыр хан даңғылы жағынан басталады. Жобаның жалпы құны 285,6 миллион теңгені құрайды.

Саябақта мерекелік іс-шаралар өткізілетін алаңдар, паркинг, тақырыптық мүсіндер, гүлзарлар, workout спорт алаңы, диаметрі 10 метр болатын екі субұрқақ жұмыс істейтін болады.

Содан кейін Бердібек Сапарбаев пен Ермек Аманшаев жаңа саябақтың капсуласын салды.

— Бұл Астана ауданы болғандықтан, мұнда Астана саябағы болуы тиіс. Саябақты Астана қаласының әкімдігі салады. Біз тек жерін бердік. Ал біз Астана қаласында Бейбітшілік қабырғасын салып жатырмыз, — деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан кейін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Қазақ халқына мың алғыс» стеласымен танысып, «Мейірім» әлеуметтік бейімделу және «Дару жарығы» офтальмологиялық орталықтарын аралады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*