Басты бет » Спорт » Облыс намысын қос балуан қорғайды

Облыс намысын қос балуан қорғайды

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Оған облыс аудандарынанжәне Ақтөбе қаласының өзінен 90 келіден жоғары салмақтағы 27 балуан қатысып, бақ сынады.

Турнирдің ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов балуандарға сәттілік тілеп, биылғы ұйымдастырылып отырған «Қазақстан барысы» турнирінің республикалық кезеңі Елордамыз Астананың 20 жылдығы аясында өткізілетіндігін айтып, оған жолдама алудың үлкен жетістік екендігін жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша  Әділет Мысин жеңімпаз атанса, екінші орынды Еламан Қойшыбаев иеленді.Ал үшінші орын Дархан Темірхановқа бұйырды.

Бірінші орын алған балуанға 300 мың теңге мен арнайы белдік, екінші орынға 200 мың теңге, ал үшінші орын иеленген балуанға 100 мың теңге табысталды.

Айта кетейік, Ә.Мысин мен Е.Қойшыбаев шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық жарыста Ақтөбе облысының намысын қорғайтын болады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*