Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбеде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр

Ақтөбеде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр

Қымбатты ақтөбеліктер және қала қонақтары! Астананың 20 жылдық мерейтойына орай 11-13 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында Астана қаласының күндері өтуде.

Астана күндері аясында Елордадан келген қонақтар Ақтөбе қаласының әлеуметтік нысандарын, өндіріс саласын аралап көріп, тыныс тіршілігімен танысады, астаналық ірі кәсіркерлердің қатысуымен өңіраралық бизнес-форум өтеді, іскерлік қарым қатынасты дамыту мақсатында меморандумдарға қол қойылады. 12 және 13 мамыр күндері сағат 19.00-де Т.Ахтанов атындағы драма театрында “Жұт”, “Қызыл орамалды шынарым” драмаларының қойылымы ТЕГІН көрсетіледі. 12 мамыр күні сағат 17.00-де Өнер орталығында “Астанадан ақ тілек” концерттік бағдарламасы қала тұрғындарына ТЕГІН ұсынылады. Келіңіздер! Көріңіздер!

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*