Басты бет » Мереке » Ғасырдан асқан қарияны құттықтады

Ғасырдан асқан қарияны құттықтады

Биыл Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінде тұратын қария Құдайберген Дүзімов Ұлы Жеңіс күнінде 109 жасқа толды.

Қария соғыс жылдарында әскери зауытта жұмыс жасаған. Соғыс басталған тұста әскер қатарына алынған ол ұсталық өнері болғандықтан қару-жарақ шығаратын зауытқа ауыстырылыпты. Неміс ұшақтарының жойқын шабуылдарын бастан өткеріп, Ұлы Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен қарияға мерекеде аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаев облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің құттықтау хатын табыстап, сый-сияпат жасады.

Ғасырдан астам өмір сүрген қария: «Жасым 109-дан кетті, кейде мені Жаратқан иеміздің өзі ұмытып кетті-ау деп ойлаймын, дегенмен ел-жұртым ұмытқан жоқ. Құттықтап жатқан облыс, аудан басшыларына, халқыма ризамын», — деп ақ батасын берді.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

Шалқар ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*