Басты бет » Денсаулық » Ақтөбелік дәрігерлер жүлдемен оралды

Ақтөбелік дәрігерлер жүлдемен оралды

Алматы қаласында  медицина қызметкерлерінің арасында өткен футболдан республикалық жарыста ақтөбелік дәрігерлер жүлдемен оралды.

Республикалық жарысқа еліміздің барлық облысынан 16 команда қатысты.  Ақтөбелік команданы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бастап барды. Бір сәт ақ халаттарын шешкен дәрігерлер футболда да өз шеберліктерін көрсетті. Команда капитаны нейрохирург  Руслан Қажығалиев, хирург Темірлан Сәтен, кардиохирург Нұрлан Сұлтангереев, стоматолог Азамат Әділов, жедел жәрдем қызметінің дәрігері Біржан Бақтыгереев шебер ойнап, жарыста көзге түсті. Нәтижесінде команда екінші орынға ие болды. Жалпы облыста дәрігерлердің арасында спорттық шаралар жиі өтіп тұрады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*