Басты бет » Мереке » Ардагерлерге 300 мың теңгеден берілді

Ардагерлерге 300 мың теңгеден берілді

Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, оған теңестірілген және  басқа да теңестірілген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек берілді. Оның  ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 мың теңгеден, теңестірілген азаматтарға — 50-60 мың, қайтыс болған және жесір қалған ардагерлердің әйелдеріне — 25-35  мың, тыл еңбеккерлеріне 12-15  мың теңгеден берілді. Барлығы 7954 адам 195,2 миллион теңге көлемінде бір жолғы көмек алды.

Сондай-ақ мереке қарсаңында мекемелер өкілдері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып құттықтап, құрмет көрсетті. Ардагерлер тұратын үйлерде көше мерекелері ұйымдастырылды. Қолдауға мұқтаж №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, яғни қарттар үйінде мерекелік шара өтті. Бұл жерде  тұратын 11 тыл еңбеккерлеріне қошемет  көрсетілді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, Отан соғысына  қатысқан ардагерлердің барлығы тұрғын үймен қамтылған, коммуналдық төлемдерге ай сайын өтемақы жергілікті бюджет тарапынан төленеді. Жалғыз тұратын 294 ардагер әлеуметтік қызметкермен қамтылған. Оларға тұрақты түрде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Жалпы облыста  61 соғыс ардагері  тұрады. Оның ішінде 53 ардагер Ақтөбе қаласында тұрады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*