Басты бет » Жеңіс » «Бізді сенім жетеледі»

«Бізді сенім жетеледі»

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы соғыс ардагері Григорий Прихно ақсақалды үйіне барып құттықтады.

ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин мен Кадр қызметі басқармасының қызметкерлері ардагерді Жеңіс мерекесімен құттықтап, департамент бастығы Махамбет Әбисатовтың атынан алғыс  хат пен сый-сияпат берді.

Григорий Прихно әскерге 1943 жылы 17 жасында алынған. Жүздеген мың кеңес әскері секілді фашистерді соққыға жығамын деген жастық албырттықпен әскерге аттанған жігітті алдымен Башқұртстандағы Алкино станциясына оқу бөліміне жібереді. Бір апта бойы пулемет полкінде, содан кейін миномет полкінде оқыған Григорий Прихноны 1943 жылдың соңында майданға аттандырады.  Бірінші Украина майданында оны жетінші жедел корпустың 24-бригадасына механикаландырылған минометшілер тобының командирі етіп тағайындайды. Ұрысқа бірінші рет Нежинск қаласының түбінде кіреді. Одан соң Львов-Сандомир операциясына, Кировоград түбіндегі ұрысқа қатысады. Бұл шайқастардан соң Григорий Прихноны «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаған.

  • Қайда болмасын отанымды, жолдастарымды қорғауді есімнен шығарғаным жоқ. Майдадстарыммен бір ыдыстан тамақ ішіп, бір шинельді жамылған кездеріміз болды. Сатқындық деген болған жоқ, ұрыс даласында бізді бір-бірімізге деген сенім алға жетеледі, — деп еске алады Григорий Прихно.

М.ТАБЫН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*