Басты бет » Жеңіс » Шырақ жақты, отшашуды тамашалады

Шырақ жақты, отшашуды тамашалады

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Мәңгілік алау» ескерткіші алаңында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Шырақ жағу» акциясы өтті.

Акцияға қала тұрғындары, студенттер мен белсенді жастар қатысты.

Шарада Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Ұлы Жеңіске арналған патриоттық әндерді орындап, жиналған жұртшылыққа ерекше көңіл күй сыйлады. Атап айтсақ, акция аясында Ж.Нұрқасымова, Г.Сағынғанова, А.Төлесінов, Е.Құмаров, А.Адаханова, т.б. әншілер соғыс кезіндегі, сондай-ақ соғыстан кейін жазылған «Кестелі орамал», «Солдатка», «Ардагерлер», «Жойылсын соғыс мәңгіге», «Бейбітшілік сақталады» әндерін шырқады.

Акция соңында алаңға жиналған көпшілік «Мәңгілік алау» ескерткіші алдына шырақ жағып, майданда қаза болған батырлар рухына тәу етті.

Бүгін соғысқа қатысып, елі, жері үшін қан майданда оққа ұшқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, шырақ жақтық. Акцияны ұйымдастырушыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Осындай шаралар жиі өткізілсе, өсіп келе жатқан ұрпақ Ұлы Отан соғысы туралы біліп қана қоймай, Отан үшін от кешкен батырлардың ерлігін, батырлығын әрдайым құрметтеп, дәріптейтін болады. Енді елімізде соғыс болмасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! — дейді акцияға қатысушылардың бірі Еркін Ақжолұлы.

Сондай-ақ бұл күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындарына «Ұлы Отан соғысы әуендері» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Концерт барысында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері мен облыстағы шығармашылық ұжымдарының өнерпаздары ортада өнер көрсетіп, соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Мерекелік бағдарлама соңында тұрғындар отшашуды тамашалады.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*