Басты бет » Басты жаңалықтар » 9 мамыр — Жеңіс күні

9 мамыр — Жеңіс күні

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сол жылдардың жаңғырығы бізге Отанға берілгендік және оны ерлікпен, жауынгерлік рухпен қорғау үлгісінің мәңгілік мысалы іспеттес.

Өз өмірін қиып, Отанымыздың тәуелсіздігі, бейбіт күн мен бостандық үшін күрескен ерлерге, тылда жанқиярлықпен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан еңбеккерлерге біздің алғысымыз шексіз.

Бүкіл еліміз сияқты, Ақтөбе облысы да фашизммен болған шайқастағы Жеңіске елеулі үлестерін қосты. Соғыс жылдарында облыстың 122 мыңнан астам тұрғыны алғы шепке аттанды. 35 ақтөбелік өздерінің жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Біз бейбіт өміріміз бен бостандығымыз үшін күрескен ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың алдында басымызды иеміз.

Майданда өліммен бетпе-бет келіп, жеңіске жеткен, тылда күн-түн демей еңбек етіп, соғыс ауыртпалығын бөліскен сол бір аяулы жандар қатары, өкінішке қарай, уақыт өткен сайын азайып барады.

Сіздердің өшпес ерліктеріңіз біз үшін жанқиярлық пен рух беріктігінің, алға ұмтылудың нақты үлгісі ретінде қызмет ете бермекші.

Құрметті ардагерлер, Сіздерге шын жүректен қажымас күш-қуат, бақыт және игіліктер тілеймін! Аспандарыңыз ашық болып, әрбір отбасында ізгіліктер, бақыт пен өзара түсіністік үйлесімін тапсын, Ақтөбе жері гүлденіп, тұрақтылық аясында өркендей берсін!

Облыс әкімі Бердібек  САПАРБАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*