Басты бет » Басты жаңалықтар » 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Құрметті ақтөбеліктер,

Қарулы Күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Осыдан 26 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті — Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлттық Қорғаныс Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Сол уақыттан бері бұл Отан үшін қалтқысыз қызмет ететін рухы мықты, ержүрек азаматтардың  мерекесіне айналды.   Қасиетті атамекенімізді қорғауды кәсібіне айналдырған біздің жауынгерлеріміз бен офицерлеріміз —   патриотизмі мен ерлігі,  өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі  үшін құрмет пен даңққа лайық!

Қазақстанда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлінуде. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналды.

Біз Мемлекет басшысына еліміздегі тұрақтылық, бейбіт күн, Қазақстан халқының  бірлігі мен келісімі үшін алғыс сезімімізді білдіреміз.

Осы бір ерекше күні барлық Отан қорғаушыларға мықты денсаулық, бақыт, алғы күнге сенім мен табыстар тілеймін! Батыл да ержүрек жандардың  бұл мерекесі ылғи да бейбіт күн мен қуаныштар алып келсін.

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*