Басты бет » Жаңалықтар » Тұрғындар сауалы — жеке бақылауда

Тұрғындар сауалы — жеке бақылауда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулерінде айтылған проблемалық мәселелердің шешімі қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 15 қаңтардан бастап 21 ақпанға дейін облыста барлық деңгейдегі әкімдер 553 есептік кездесу өткізіп, оған 50 мыңға жуық тұрғын қатысты.

Кездесу кезінде 1173 адам өтініштерін, арыз-шағымдарын, ұсыныстарын айтты. Сауалдардың жалпы санының 29%-ы жұмыспен қамтуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен елді мекендерді абаттандыруға, 12,8%-ы жолдарды жөндеу мен салуға, 10%-ы әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салуға қатысты болды.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың мәліметінше әлеуметтік салаға байланысты барлығы 947 сұрақ қойылған, олардың дені сол жерде түсіндіріліп, шешілген. 200-ден астам сұрақ бақылауға алынып, оның қомақты ақшалай салымды қажет ететін 33-і облыстық әрекет ету жоспарына біріктірілді. Негізінен оған елді мекендерді газбен, сумен және кәріз жүйесімен (5) қамтамасыз ету, жолдар мен көпірлерді жөндеу және салу (8), оқу ғимараттарының (5), мәдениет нысандары мен спорттық ғимараттардың (6) құрылысы және т.б. кіреді.

Облыс әкімі бақылауға алынған мәселелерді дер кезінде және сапалы шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

— Уәде берген соң орындау керек. Бастысы жақын арада нені шеше алатынымызды ашық айтып, қандай жобалардың ұзақ уақыт жүзеге асыруды талап ететіндігі жайында азаматтарды хабардар еткен дұрыс. Мәселен, газға, жолға қатысты мәселелер уақытты қажет етеді. Бүгінде біздің облыстың газбен қамтылуы 88%, сумен қамтылуы 88%-ды құрайды және біз халықты коммуналды игіліктермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырамыз. Жолдардың жағдайы —  басты проблемалардың бірі. Үлкен көлемді жұмысты орындау үшін мердігер мекемелерге жол құрылысы материалдарын жергілікті қамтудың есебінен барынша арзандату керек. Осы жылы асфальтты төсей алмасақ, қара жолдар салу қажет, — деп атап өтті облыс басшысы.

Атап өтерлік жай, ақтөбеліктердің есептік кездесулерде көтерілген проблемалық мәселелерінің шешімі облыс әкімінің жеке бақылауында.

Облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*